Бағдарлама

Жастар қанаты әртүрлі әлеуметтік топтағы жас азаматтардың мүддесін білдіреді, әлеуметтік әділеттілікті және елдің барлық жас азаматтары үшін тең әлеуметтік мүмкіндіктерді қолдайды.


Біз меритократия қағидатын қолдаймыз, мақсатымыз – барлық жас азаматтар үшін әділ әлеуметтік лифтке қол жеткізу.

Міндетіміз – жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға ықпал ету, оларды Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тілдері мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жастар қанаты жастардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметке қатысуға ниетті.

Аталған мақсаттарды іске асыру үшін жастар ұйымдарымен және азаматтық қоғамның басқа да институттарымен ынтымақтасуға дайын екенімізді білдіреміз.

Қазақстан Халық партиясының жастар қанаты «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорымен бірлесіп «Біздің қала – есірткісіз!» жалпыреспубликалық акциясын өткізуде.

Акцияның мақсаты – жастарды синтетикалық есірткінің таралуына қарсы біріктіру, мектеп жасындағы балалардың есірткі заттарының зияны туралы ақпараттық сауаттылығын арттыру және жастар арасында зиянды заттарды қолдануға жол бермеу.

Акция аясында Көкшетау, Теміртау, Қарағанды, Екібастұз және Павлодар қалаларында көше жарнамаларын бояу және есірткінің зияны туралы ақпараттық материалдарды орналастыру бойынша іс-шаралар өткізілді.

Біз бүгінгі таңда аталған қалаларда 500-ден астам сыртқы жарнама боялып, тұрғын үйлердің кіреберістерінде 1000-нан астам ақпараттық парақшалар орналастырылды.

Осындай іс-шараларды еліміздің барлық ірі қалаларында жүйелі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Байланыс

Қоғамдық бірлестік

Қазақстан халық партиясы

Мекен-жай
Мекен-жай: ҚР, 010000, Астана қаласы, Қонаев даңғылы 14 «Д»
Телефон:
8 (7172) 56-86-71