ҚОҢЫРОВ АЙҚЫН ОЙРАТҰЛЫ

"Қазақстан Халық партиясы" ҚБ төрағасының бірінші орынбасары

1972 жылғы 28 қарашада Көкшетау облысы Куйбышевский кентінде дүниеге келген.

1997 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі оқытушысы» мамандығы, 2005 жылы Қарағанды «Фемида» заң академиясын «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев аудандық ауылшаруашылық басқармасының автобаза слесарі болып бастады, кейін жеке кәсіпкерлікке бет бұрды. «News Print» ЖШС басқарды («Қазақстандағы «Московский комсомолец» газеті).

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V, VI және VII шақырылымдарының депутаты болып сайланды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының жетекшісі.