ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАНАТ ЖАҚЫПҰЛЫ

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ төрағасының орынбасары

1979 жылғы 3 маусымда Алматы облысы, Сарыөзек кентінде дүниеге келген.

2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистрі, GenevaBusinessSchool (MBA «Халықаралық басқару») және Мәскеу болат және қорытпалар институтында (МВА «Тау-кен ісі менеджменті») білім алған.

2001 жылы еңбек жолын Жетісу көлік прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі лауазымынан бастаған. 2004 жылдан бері «Қазақтелеком» АҚ-да, ҚР АӨҚО қызметін реттеу агенттігінде, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ-да басшылық қызмет атқарды.

2014 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС

басқарды. 2016 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Қаратау» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Уран өндіру» дивизионының басқарушы директоры қызметін атқарды. 2018 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.