МИЛЮТИН АЛЕКСАНДР АЛЕКСАНДРОВИЧ

1960 жылы Алтай өлкесінің Наумовка ауылында (Ресей) дүниеге келген.

 Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Калининский совхозының орталық бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. Кейін өндірістік салада: «Ужгород – Уфа» газ құбырында, Фрунзе қаласының №6 құрылыс басқармасында, «Промстрой» тресінде, «Қазпромтехмонтаж» тресінде жұмыс істеді. Семей «Зергер» кәсіпорны басшыларының бірі болды.

Кейін бірнеше рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, Қаржы және бюджет комитетінің, сондай-ақ Экология және табиғатты пайдалану комитетінің құрамына кірді.

Біраз уақыт «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жанындағы «Әлеуметтік әріптестік орталығы» ҚҚ бас директорының орынбасары және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі кеңесшісі міндетін атқарды.

2023 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚХП төрағасының орынбасары болып сайланды.