Қазақстан Халық партиясының медиа-студиясы түсірген деректі фильм «Таза сана – Таза қала» байқауында «Үздік телематериал» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды. Байқау Жұмысшы мамандықтар жылын қолдау мақсатында және Тәуелсіздік күні мерекесі аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Астана Тазалық» ЖШС.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 12 желтоқсанда «Rixos President Astana» қонақүйінде өтті. Биылғы байқаудың негізгі тақырыбы – астана көшелерінің тазалығы мен тәртібін күн сайын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық қызмет мамандарының еңбегін көрсету. Байқауға қазақстандық БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, блогерлер және басқа да қатысушылар шақырылды. Жұмыстарды коммуналдық сала мамандары мен танымал журналистерден құрылған тәуелсіз комиссия бағалады.

– «Таза сана – Таза қала» байқауының мақсаты – жұмысшы мамандықтардың маңызын арттыру және Астана қаласының, соның ішінде оның шет аймақтары мен іргелес елді мекендерінің санитарлық ахуалына қатысты мәселелерді жан-жақты ашып көрсету, – деді ұйымдастырушылар.

Қазақстан Халық партиясының ұжымы әріптестерін жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды.
Фильмге сілтеме: ҚОҚЫС ЕЛІНЕ АЙНАЛЫП КЕТПЕЙІК, ҚОҚЫСТАН МЛРДТАР ТАБАТЫН ЕЛДЕР. ТАЗА ҚАЗАҚСТАН ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
@halyk_partiyasy