«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ жанындағы Әйелдер қанаты – бұл партия бастамасымен құрылған әйелдер бірлестігі. Оның басты мақсаты – гендерлік теңдікті жүйелі түрде ілгерілету, әйелдерді елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді тарту. Бұл бастама әйелдердің саясатқа араласуын арттырып, олардың даусын қоғамдық және саяси алаңда елеулі етуге бағытталған.
Әйелдер қанатының негізгі басымдықтарының бірі – отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайту. Қоғамның негізі саналатын отбасы институты қазіргі әлемдегі әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға төтеп беріп, басты назарда болуы тиіс. Осыған байланысты Әйелдер қанаты отбасы институтын нығайтуға, ерлі-зайыптылар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыруға және бала тәрбиесіне бағытталған бастамаларды қолдайды.
Жобаның басты мақсаты – әйелдердің саясатқа белсенді араласуына ықпал ету, олардың мансаптық өсуі мен қоғамдық-саяси белсенділігіне мүмкіндік жасау, сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы қатарында олардың рөлін күшейту.
Әйелдер қанатының негізгі бағыттары:
Қазақстандағы әйелдердің құқықтық жағдайын жақсартуға белсенді атсалысады. Ол қоғамның барлық саласында – экономикадан бастап саясатқа дейін – гендерлік теңдікті насихаттайды.
әйелдерге қатысты, соның ішінде отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуді көздейді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді қорғауға бағытталған бастамаларды қолдап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.
денсаулығын жақсарту, оның ішінде репродуктивті денсаулықты сақтау және ана мен баланы қорғау – әйелдер қанатың негізгі басымдықтарының бірі.