Қазақстан Республикасы
премьер-министрінің орынбасары
А.С. Көлгіновке
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Алтай Сейдірұлы!
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес жас мамандар мен философия докторларын жұмыспен қамту жөніндегі комиссия бірқатар азаматтарды жұмыс істеу міндетінен босату туралы шешім қабылдайды.
Заңның осы бабына сәйкес: 1) жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткерген жері бойынша елді мекенде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда; 2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 3) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға одан әрі оқуға түскен адамдарға; 4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ өз бетінше тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі.
Өкінішке қарай, бұл тізімде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана жоқ. Сонымен қатар, мұндай ата-анаға жұмыс өтілі де жүрмейді. Ал ол мүгедек баланы күтуге және оны емдеуге барлық уақыты мен энергиясын жұмсайды.
Әзірге соттар гранттық жұмыс істемегені үшін мұндай адамдардан ақшалай сомаларды, сондай-ақ айтарлықтай мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуді өндіріп алу туралы шешім шығарады. Осы ақшалай өндіріп алулардан басқа, кейде мемлекеттік баж салығы төленеді.
Көбінесе, осы санаттағы адамдар мүгедектігі бар бала күтімі бойынша жәрдемақыға ғана өмір сүреді, Мұндай адамдар арасында мүгедек балаларды жалғыз тәрбиелейтіндер көп. Мемлекет тарапынан мұндай қысым өмірлік қиын жағдайларға әкеп соғады.
Біз адамдарды психологиялық құлдырау мен әлеуметтік тығырыққа тіреуге болмайды деп санаймыз. Сондықтан Үкіметке мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған, сондай-ақ қамқорлығында мүгедектігі бар баланың ана-анасын жұмысын өтеу жөніндегі міндеттерден босатылатын жас мамандар санатына қосуды ұсынамыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімдерде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
А. Қоңыров
А. Скакова
Ж. Ахметбеков
Ғ. Құлахметов
А. Милютин
Ғ. Нұғманова
Д. Легкий
Е. Смайлов
И. Смирнова
11.01.2023 ж. жарияланды