Мәжіліс депутаттары Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы атынан Куба Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Оскар Сантана Леонмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Бостандық аралы арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.
ҚХП фракциясының басшысы, депутат Магеррам Магеррамов кубалық қонаққа Мәжілістегі партия депутаттарының қызметі туралы айтып берді.
– Біздің негізгі жұмысымыз – заң шығару, - деді мәжілісмен. – Біз 3 заң жобасына бастамашы болдық (қазір олар палата қарауында), сонымен бірге ең өзекті мәселелер бойынша 1000-ға жуық заңнамалық түзетулер енгізілді.
ҚХП фракциясы заң шығару кезінде Қазақстанның әлеуметтік саласын жетілдіруге баса назар аударатынын атап өтті Магеррамов.
– Біз - партиямыздың Парламент қабырғасындағы таратушысы іспеттіміз, - деп атап өтті ҚХП депутаты, - Біз Куба Республикасының парламентшілерімен өзара іс-қимыл жасауға әрқашан дайынбыз.
Оскар Сантана Леон қазақстандық заң шығарушылардың жұмысын интернет арқылы мұқият қадағалап отыратынын және кубалық депутаттар қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық орнатқысы келетінін айтты. Ол ҚХП депутаттарына Куба халық билігі Ұлттық Ассамблеясының Президенті Эстебан Ласо Эрнандестің хатын тапсырды.
– Біз Қазақстанмен доспыз, мемлекетаралық қатынастарымызды әрі қарай дамытуға мүдделіміз, – деді елші. - Сіздің партиялық фракцияңыздың бізге қолдау танытуы біз үшін өте маңызды.
Тараптар екі елдің экономикалық қатынастарының әлеуеттері мен мүмкіндіктерін, сонымен бірге туризм, биотехнология және білім беру саласына инвестициялар құю, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.