Қазақстан Халық партиясының белсендісі, Железин аудандық мәслихатының депутаты Евгений Миронов Павлодар облысының тұрғындарын Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдумда дауыс беруге шақырып, бейнеүндеу жариялады.
Миронов аталмыш жобаның бүкіл республика үшін маңызы өте зор екенін атап өтті.
– Бұрынғы инженер-энергетик маман ретінде мен сенімді қуат көздері өнеркәсіптің дамуына және азаматтардың күнделікті өмірінде жайлылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын жақсы білемін. Қазақстанда атом электр станциясының салынуы бізді энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық дамуға да септігін тигізеді, – деді ол.
Партия мүшесі жаһандық қуат тапшылығы немесе экологиялық таза технологияларға көшу қажеттілігі сияқты заманауи сын-қатерлер Қазақстанды айналып өтпейтінін баса айтты. Ал атом энергетикасы осы мәселелердің ең тиімді шешімдерінің бірі саналады.
– Сіздерді алдағы референдумда өз пікіріңізді білдіруге шақырамын, өйткені әрқайсысыңыздың дауысыңыз еліміздің және өңіріміздің болашағы үшін маңызды, - деп түйіндеді сөзін Евгений Миронов.