Табиғатқа жанашыр жастар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан Халық партиясы жанындағы жастар қанаты «Jas Orta» елордадағы жоғары оқу орындарының экоклуб төрағалары және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының президенттерімен кездесу өткізді. Кездесу «Студенттер оқу орындарындағы экологиялық ортаны қалай жақсарта алады: планетаның болашағына саналы көзқарас» тақырыбында өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде жастар қала сенбілігіне жаппай қатысты.

ҚХП Мәжілістегі фракциясының мүшесі, «Jas Orta» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар экология мәселелерінің белсенді және бейжай қарамайтын жастар үшін аса өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарып, бірқатар экологиялық жобаларды іске асырып келеді.

– Алдымен біз қоқысты сұрыптау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Арнайы пластик бөтелкелерді қабылдайтын автоматтардың қалай жұмыс істейтінін көрсеттік, экология саласының мамандарымен бірге «On air Ислам Сұңқар» YouTube бағдарламасында бірнеше шығарылым түсірдік, сондай-ақ әртүрлі оқу орындарының студенттері қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырдық, - деп нақтылады депутат.

1

Депутаттың айтуынша, Қазақстан Халық партиясы әрдайым еліміздегі экологиялық жағдайға ерекше мән беріп келеді. Өзі және Мәжілістегі Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Кенжеғұл Сейтжан бірнеше мәрте бұл мәселені депутаттық сауалдар арқылы көтерген.

– Партияның сайлауалды бағдарламасында біз қоқыс сұрыптау, энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері сияқты жаңа экологиялық білім деңгейін арттырудың маңызын атап өткен едік, – деп еске салды Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, Ислам Сұңқар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызына тоқталып, «тазалық – жинаудан емес, ластамаудан басталады» деген қағиданы ұстану қажеттігін айтты.

«Таза Қазақстан» акциясы — ең алдымен өзімізді дамыған, өркениетті қоғамның мүшесі ретінде тануға ықпал ететін өте жақсы бастама. Бұл – қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтын қоғам құру жолындағы маңызды қадам, - деді ол.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде «Jas Orta» жастар қанатының базасында экологиялық клуб құрылды.

– Бүгінде әр жоғары оқу орнында экологиялық ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысының өз тәжірибесі бар. Біз осы тәжірибемен бөлісіп, үздік жобаларды бір-бірімізге жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті И.Сұңқар.

Нәтижесінде, елорданың оң жағалауындағы аумақтарды тазарту жұмысына «Jas Orta» төңірегіне топтасқан жастар бір үлкен прогрессивті команда болып шықты. (Жұмыс аумақтарын қала әкімдігі бөлген.) Жалпы саны 150 қап қоқыс жиналды.

– Ортақ игілік үшін атсалысқан барлық жастарға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады, - деп түйіндеді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy