АЭС – елдегі ғылым мен технология саласын дамытады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб елде атом энергетикасын кеңінен насихаттауға бағытталған танымдық шараларды өткізуде. Мұндай ақпараттық қолдау жұмыстары штаб өкілдеріне халықпен тығыз байланыс орната отырып, түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚХП Жетісу облыстық филиалының басшысы Олжас Ибраимов Алатау қаласындағы Ядролық физика институтына барды. Онда қуаты 6 мегаватт болатын ядролық зерттеу реакторы орналасқан. Институт мамандары қонақты реактордың жұмысымен жан-жақты таныстырды. Алайда бұл нысан электр энергиясын өндіруге арналмаған. Ол атом өнеркәсібі мамандарын даярлайтын ғылыми-білім беру орталығы қызметін атқарады. Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін бұл бірегей құрылым республикадағы ғылым мен техниканың дамуында маңызды рөл атқарады.

1

– Экскурсия барысында реактор жұмысының барлық аспектілерімен жан-жақты таныстық. Атап айтқанда, оның қауіпсіздігі мен ғылымның дамуына қосқан үлесі сияқты жағымды аспектілерімен қатар, елдің энергетикалық қажеттіліктерін жабу мүмкіндігінің шектеулілігі сынды теріс жақтарын да көріп қайттық, – деді Олжас Ибраимов.

Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және оның урбанизациясы жағдайында толыққанды АЭС салу жай ғана басты қажеттілікке айналып отыр.

2

– Атом энергетикасындағы заманауи технологиялар атом электр станцияларын қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Әсіресе бұл, климаттың өзгеруімен күресудегі жаһандық күш-жігер контекстінде өзекті болып отыр. Қауіпсіз, экологиялық таза және орнықты атом энергетикасы – бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен оның барша халқының жарқын болашағына жасаған қадамымыз, – деп атап өтті партия мүшесі.

Сондай-ақ, Жетісу өңірі бойынша ҚХП филиалы Кеңесінің өкілі Сәуле Биғарова АЭС құрылысына арналған семинарға қатысты. Онда аталмыш жобаның негізгі аспектілері мен перспективалары талқыланды. Ал ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері әрі өңірлік Халықтық штабтың белсенді спикерлері «Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту туралы» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Аталған шараны ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас инженері Денис Зарва және ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзырет орталығының директоры Арман Миниязов өткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy