АЭС – электр энергиясы импортына тәуел­діліктен арылтады

Меншікті атом электр станциясы дегеніміз – энергетикалық тәуелсіздік, өңірлік даму, қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету! Халықтық штаб өкілдері жалпыхалықтық референдумға дайындық барысында осы идеяларды Қазақстан халқына жеткізу мақсатында түсіндіру жұмыстарының қарқынын арттыруда.

Халықтық штабқа алғашқылардың бірі болып ҚХП Шымкент қалалық филиалының жетекшілері Бақтияр Жандарбеков пен Баймырза Омаров қосылды. Күні кеше Жандарбеков өзге партиялардағы әріптестерімен бірге «Әлем-БТ» ЖШС еңбек ұжымына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Талқылауда энергетикалық тәуелсіздік факторлары, атом электр станцияларын пайдаланудың қауіпсіз екендігі, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, саяси негізділік және т.б. тақырыптар қамтылды. Баймырза Омаров Халықтық штабтың бір топ өкілімен бірге №55 орта мектептеке барды. Белсенділер ұстаздарға атом энергетикасын дамыту арқылы еліміз қандай жеңілдіктерге ие болатынын түсіндірді.

1

2

ҚХП Жетісу облыстық филиалының басшысы, өңірлік Халықтық штабтың өкілі Олжас Ибраимов Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінің жұмысшы ұжымымен кездесті. Жиын барысында партия мүшесі Қазақстанды дамыту үшін атом электр станциясын салудың маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тарап жатқан радиофобиялық мифтер мен атом энергиясы туралы стереотиптерді сейілту үшін ақпараттық жұмыс жүргізді.

3

4

– АЭС – Қазақстанның электр энергиясы мен дәстүрлі көмірсутек импортына тәуелділігін азайтатын тұрақты энергия көзі. Атом энергетикасының заманауи технологиялары барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, – деді Ибраимов.

5

Партия мүшесі кездесуді алдағы уақытта өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дауыс беруге, яғни, ел мүддесі мен болашағына қолдау көрсетуге шақырумен аяқтады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy