АЭС құрылысы елдің стратегиялық даму бағытын айқындайды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб аймақтарда халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олардың міндеті – елімізде атом энергетикасын дамытудың қажеттілігін азаматтарға жеткізу. Айтулы шараға Қазақстан Халық партиясының өкілдері белсенді қатысуда.

Абай облысында Халықтық штаб мүшелері жергілікті цемент зауытының жұмысшыларымен кездесті. Шара барысында еңбек ұжымына АЭС құрылысы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететіні түсіндірілді. Сонымен қатар облыс ақсақалдарымен де кездесу ұйымдастырылды.

1

2

3

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілі, Халықтық штабтың белсендісі Азат Мұхамедин «Киров атындағы зауыт» АҚ-ға барды. Зауыт жұмысшылары алдында сөз сөйлеген белсенді Қазақстанда АЭС салудың қажеттілігі мен оның экономикалық тұрғыдан маңызын түсіндірді. Сондай-ақ жобаның әлеуметтік құрамдас бөліктеріне тоқталып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы қажеттігін түсіндірді.

4

5

– Қазақстан тұрақтылығының игілігі үшін азаматтардың референдумда оң жауапты таңдауы – болашақ ұрпақ үшін елдің стратегиялық даму бағытын айқындайды, - деп нақтылады Мұхамедин.

Сонымен қатар ол, іс-шараға қатысушылардың АЭС қызметінің экологиялық қауіп-қатері мен оның кадрлық потенциалына қатысты сұрақтарына жауап берді.

ҚХП Балқаш қалалық өкілдігінің төрағасы Қаныш Ысқақов «Балқашстоматология» БПҰ мүшелерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – атом электр станциясын салудың қаншалықты маңызды екенін талқылау және түсіндіру. Осыған ұқсас тақырыпта Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, ҚХП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анатолий Баранов «AsiaBell» ЖШС ұжымымен пікірталас өткізді. Партия мүшесі АЭС-тің барлық артықшылығы туралы айтып, атом электр станцияларын салып жатқан заманауи компаниялар оның 60 жыл қызмет ететініне кепілдік беретінін атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy