АЭС табиғатты ластамай-ақ тұрақты түрде энергия өндіруге мүмкіндік береді

Қазақстан Халық партиясының белсенділері, АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының өкілдері жезқазғандықтармен кездесті. Талқылаудың басты тақырыбы 2024 жылғы 6 қазанда өтетін референдум болды.

Спикерлер еліміз қазір энергетика саласын өзгертудің маңызды кезеңінде тұрғанын ерекше атап өтті. Ал оның қандай болатынын халық шешуі тиіс: заманауи әрі жоғары технологиямен жабдықталған немесе әлсіз, ескірген және артта қалған.

1

– Бүгінде елімізде өндірілетін бүкіл энергияның 70%-ы көмір жағатын электр станцияларына тәуелді. Ал мұндай энергетика нысандарының көп бөлігі әбден тозған. Оған қоса, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға артып келеді, – деді штаб өкілдері.

Алдағы уақытта көмір электр станцияларын қаржыландыру экологиялық шектеулерге байланысты одан әрі қиындай түсері сөзсіз. Бірақ атом электр станцияларына көмір, мұнай және т.б. отын түрлерін жағудың қажеті жоқ. Сәйкесінше, парникті газ шығарындыларының азайып, климаттың өзгеруін тежеуде маңызды рөл атқарады.

ҚХП белсендісі Бақытбек Төрежанов қала тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде АЭС құрылысының тиімді тұстарына тоқталып, алдағы референдумға барша халықтың қатысуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ спикерлер кездесуге қатысушылардың АЭС қауіпсіздігі, оның жұмыс істеу принципі және атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсері туралы сұрақтарына жауап берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy