Қарағандыда мүгедектердің спортпен айналысуына қандай жағдай жасалған?

Қарағанды облысындағы сайлаушылармен кездесу мақсатындағы жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты, ҚР Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Кенжеғұл Сейітжан ҚХП жергілікті филиалының төрағасы Қалел Мақсұтов және мәслихат депутаты Жан Серікұлымен бірге мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебіне барды.

Арнайы оқу орнының басшылығымен сұхбаттасу барысында қонақтар мектептің жетістіктерімен және тарихымен танысты, сонымен қатар мүгедек жандарға арналған спорт саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

1

1

«Мәселелер негізінен спорт пен инклюзияны реттеу саласындағы бюрократиялық түсініспеушіліктерге және олқылықтарға байланысты», - деді Кенжеғұл Сейітжан кездесу қорытындысы бойынша. «Біздің партия мен оның парламенттік фракциясы барлық ұсынысты назарға алып, отандық спортымызға жан-жақты қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

2

2

Кенжеғұл Сейжанның өзі кәсіпқой пара-спортшы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін қатысушысы және пара-велоспорттан 2024 жылғы Азия чемпионы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy