Заң мен тәртіп – ел бірлігінің кепілі

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзін қорытындылай келе, Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы ел бірлігінің кепілі болуы тиіс екенін айтты.

Депутаттың айтуынша, қазақстандық қоғамның қуаты мен тұрақтылығы – тіліне, ұлтына, нәсіліне немесе дінінен бөлек ең алдымен тарихи бірлігінде жатыр. Бұл жүйені Қазақстан халқы Ассамблеясы жан-жақты қолдап келеді.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында елімізде ұлтаралық қатынастардың тиімді моделі қалыптасты. Ол елімізде берік бейбітшілік пен келісімді сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Біз әлі күнге дейін «қақтығысты шешу» емес, «бейбітшілікті сақтау» мәселесін күн тәртібіне шығарып отырмыз, - деді Магеррамов.

Мемлекет басшысының сөзін мысалға келтірген депутат қазіргі күрделі геосаяси ахуал, сауда соғыстары мен адам өмірінің құнсыздануы жағдайында Қазақстан сенімді серіктес әрі тұрақты әріптес ретінде танылғанын атап өтті. Бұл жетістіктер – бірлік пен татулық, ашық диалог, өзара сенім, құрмет және азаматтық жауапкершілік қағидаттарына негізделген саясаттың жемісі.

– Біз қол жеткізген табыстарды сақтап қалу және жаңа мақсаттарға жету үшін «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына берік болуымыз қажет. Оның орындалуы бізден «Заң мен тәртіп» қағидасын бұлжытпай орындауды талап етеді, – деді Мәжіліс депутаты.

Магеррамовтың пікірінше, еліміздің алға ілгерілеуі тәртіп пен жауапкершілікке негізделгенде ғана мүмкін болады. Тек бірлік пен тұрақтылықты сақтай отырып, қолданыстағы саясатқа сеніммен сүйену арқылы Қазақстан даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жете алады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy