Қазақстан Халық партиясы Ақтөбе қалалық филиалының басшылығы отандық атом энергетикасы саласын құру туралы идеяны көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізуде. АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілдері ретінде филиал төрағасы Бауыржан Құрманғазин мен оның орынбасары Марат Нұркеев тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында партия мүшелері Жұбанов атындағы университетке барды. Олар жиналғандарға еліміздегі атом энергетикасы саласын дамытудың оң аспектілері жөнінде айтып берд. Сөз барысында мұндай энергия елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынына да тоқталды.
– АЭС-тің көмір және газ электр станцияларынан негізгі айырмашылығы, оның парникті газдар шығармайтынында. Бұл еліміздегі көміртегін қолдану салдарынан болған залалды айтарлықтай азайтуы мүмкін. Оған қоса жаһандық климаттық міндеттемелерді орындау жолындағы еліміздің маңызды қадамы болмақ, – деді белсенділер.
Партия мүшелері азаматтарға атом энергиясы мен жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) салыстырмалы талдауын ұсынды. Кездесуге қатысушылар күн мен жел сияқты жаңартылатын энергия көздері де маңызды рөл атқарғанымен, АЭС ауа райы жағдайына қарамастан тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ете алатынын атап өтті.
– АЭС – қоршаған ортаға зиян келтірмей ел экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін тұрақты энергетикалық инфрақұрылымды құрудың негізгі элементіне айналады, - деп қорытындылады спикерлер.
АЭС құрылысын қолдаушылар, заманауи қондырғылардың жоғары қауіпсіздікке негізделген және қоршаған орта мен халық үшін зиянсыздығына кепілдік беретін соңғы технологияларды пайдалана отырып салынатынын да жеткізді.
Белсенділер Халықтық штабтағы өзге әріптестерімен бірге Ақтөбе музыкалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, онда да алдағы референдум мәселесін талқылады.
– Әрбір дауыс маңызды! Бұл мәселеде әрқайсымыздың өз ұстанымымыз бар. Дегенмен, біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз – ел болашағының мәселесі екенін түсінген жөн. Яғни, ел болашағы әрқайсымызға байланысты, – деді Бауыржан Құрманғазин.
Сонымен қатар, қаладағы «DINA MARKET» ЖШС-да да ақпараттық кездесу өтті. Онда да атом электр станциясын салудың маңызы сөз болды. Спикерлер осы жобаға қатысты энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік және экологиялық мәселелер сияқты негізгі аспектілерді түсіндірді.
– Саналы шешім қабылдау үшін барлық факторды жан-жақты талдау қажет, - деп түйіндеді белсенділер.