Қазақстанда суицид деңгейін қалай төмендетуге болады?

Қазақстанда күн сайын 8-11 адам өмірмен есеп айырысады. Ал 9- 16 адам өз-өзіне қол жұмсап, ажалдан аман қалады. Қазақстан Халық партиясы суицидті тоқтатуға шақырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын біздің елде 3-4 мың адам өз-өзін өлтіреді.

«10 жыл ішінде жасалған бес суицидтің төртеуі ер адамдарға, біреуі әйел адамдарға тиесілі болды. Соңғы үш жылда ер адамдардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті 65% - ға дейін өсті. Бұл ер адамдар әйелдерге қарағанда суицидтік көңіл-күйге бейім екенін көрсетеді», – деп атап өтті ҚХП депутаты Ерлан Смайлов.

Суицид статистикасының біршама төмендеуіне қарамастан, қайғылы жағдайлардың тенденциясы жалғасуда. Бұл жерде мәселе психологиясы тұрақсыз жасөспірімдерден ғана туындап отырған жоқ. Егде жастағы адамдар өз еркімен өмірден кетіп жатыр. Мүмкін, мемлекет жасөспірімдердің суицидімен қандай да бір жолмен күресіп жатқандықтан ересектердің суицидін елемейді. Қазақстан күні бүгінге дейін осы мәселе бойынша антирейтингте тұр.

«Бейбіт уақытта жыл сайын 4 мыңға дейін адамды жоғалтуға жол берілмеуі керек», – деді ҚКП фракциясының өкілі.

Біздің елде суицид азайған жоқ. Өкінішке қарай оған саяси деңгейде тиісінше көңіл бөлінбей отыр.

«Белгісіз себептермен суицидтің үлесі жоғары болып қала береді. Өз-өзіне қол жұмсаған қазақстандықтардың үштен бір бөлігінің бұл қадамға не үшін барғаны анықталмайды», – деді мәжілісмен.

Суицид жасауға түрткі болатын белгілі себеп – жалғыздық. Бұдан кейін өзектілігі бойынша қиын қаржылық жағдай (банкроттық және қарыз) мен ауыр соматикалық ауру тұр.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары Үкімет азаматтарды өлімнен құтқару үшін бірқатар мәселелерге назар аударуға тиіс деп санайды.

Атап айтқанда: жас санатына қатысты саясаттан бас тарту және барлық жастағы барлық азаматқа бірдей қарау, суицидтен болатын өлім-жітім көрсеткіштерін халықтың әл-ауқаты мен денсаулығының бірқатар көрсеткіштеріне және көрсеткіштер мен нысаналы индикаторлар бөлігінде ұлттық жобаларға тиісті өзгеріс енгізу, Қазақстандағы суицид санының өсуін және халықаралық тәжірибені ескере отырып, суицидтің алдын алудың ұлттық стратегиясын әзірлеу мүмкіндігін қарастыру, мемлекет жүргізіп отырған саясат пен қабылдаған шешімдердегі қорытындыларды көрсете отырып, суицидтің себептерін мұқият зерттеуді қамтамасыз ету, депрессиялық синдромды және басқа да психикалық бұзылуларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) деңгейінде қолданыстағы саясат шеңберінде немесе суицидтің алдын алудың ұлттық стратегиясы шеңберінде анықтауды қамтамасыз ету қажет.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy