ҚХП Ақтөбе облыстық филиалында «Қауіпсіз мектеп» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға білім басқармасының, Төтенше жағдайлар департаментінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері қатысты. Олар ҚХП белсенділерімен бірге балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылап, жаңа оқу жылы қарсаңында жүргізілген мониторингтің нәтижелерін ортаға салды.
Талқылаудың негізгі тақырыптары өрт қауіпсіздігі мәселелері, санитарлық бұзушылықтарды жою, сондай-ақ мектеп инфрақұрылымын жетілдіру болды. Шара қорытындысы бойынша өңірдегі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
«Қазақстан Халық партиясы балаларымызды қорғауға бағытталған барлық шараның тиісті деңгейде орындалуын қадағалап, бастамаларды қолдауды жалғастыра береді», - деп түйіндеді партия мүшелері.