Денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктер талқыланды

dep.jpg

Қазақстан халқының жартысына жуығының отандық медициналық қызметтердің сапасына көңілі толмайды. Бұл туралы МӘМС мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Мәжіліс Төрағасының орынбасары, депутат Дания Еспаева мәлімдеді. Еспаеваның айтуынша, 2022-2025 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласына жұмсалған қаражат 2,8 есеге өскен, бірақ бұл негізгі көрсеткіштердің жақсаруына әсер етпеді.

«Бүгінде медициналық ұйымдарда «пациент-фокус» қағидасынан «табыс-фокус» принципіне көшу үрдісі байқалады», – деді Дания Еспаева.

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ислам Сұңқар Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жағдайды объективті түрде сипаттап берді Депутат МӘМС жүйесінің сапасын бағалау үшін ҚХП еліміздің барлық аймағында әлеуметтік зерттеу жүргізгенін атап өтті. Нәтижелерді талдау барысында әрбір үшінші респонденттің медициналық қызмет көрсетуден бас тарту мәселесімен бетпе-бет келетіні анықталды. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және сақтандыруға кірмейтін қосымша қызметтерге ақы төлеу мәселесінің де шешімі табылмай отыр. Әсіресе, кезекте тұру, оның ішінде нақты сала мамандарына жазылуда туындайтын кезек мәселесі және сақтандыру құнының қымбаттығы да әлі күнге өзекті.

«Біздің ойымызша, негізгі проблемалардың бірі – ТМККК және МӘМС шеңберінде қызметтер көрсету жөніндегі шарттың орындалуын бағалаудың желілік шкаласының жетілмегендігі. Денсаулық сақтау ұйымдары депутаттардың өңірлерге сапарлары кезінде осы мәселені үнемі көтереді», - деді И.Сұңқар.

Бүгінде медициналық мекемелер медициналық сақтандыру қоры (МСҚ) тарапынан көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлеміне сәйкес қаржыландыруға алдын ала өтінім беруі тиіс. Бұл ретте Қор көбіне қажетті көлемді қанағаттандыра бермейді, бірақ өз әдістемесі бойынша қаржыландырады. Соның салдарынан бекітілген жоспар тиісті деңгейде орындалмай жатады.

«-Шындығында ауруханалар мен емханалар артық орындалған көлем үшін қосымша қаржы алмайды. Сонымен қатар олар пациенттерге медициналық көмек көрсетуден бас тарта алмайды. Ал пациенттерге, яғни медициналық қызметтерді тұтынушыларға қаржыландырудың қалай бөлінетіні маңызды емес. Оларға бастысы ақысы төлеген қызметті алу маңызды», - деп түсіндірді депутат.

Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ауруханалар мен емханалар қызметіндегі бұзушылықтарды тауып, оларға айыппұл салады. Осылайша, медициналық ұйымдар жылына 100-200 миллионға шығынға ұшырайды.

«Қордың қисынсыз әрекеттеріне байланысты оның қызметіне тұрғындар тарапынан арыз-шағым жетіп артылады. Алайда, ақыр соңында, еш кінәсі жоқ емханалар мен ауруханалар кінәлі деп танылып, айыппұл салынады. Сондықтан сапаны бақылауды тек Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитеті жүзеге асыруы керек деп есептейміз», - деді депутат.

Қорытындылай келе, Ислам Сұңқар міндетті медициналық сақтандыру жүйесі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, пациенттер мен сақтандырушылар арасындағы өзара байланысты жақсартуға, көрсетілетін қызмет түрлерін арттыруға бағытталған шұғыл және күрделі өзгерістерді қажет ететінін атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy