Ізгі іс – ұрпаққа өнеге!

Қазақстан Халық партиясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларды жалғастыруда. «Мәдени мұра» акциясы аясында партия өкілдері сенбіліктер өткізіп, жарыстар мен турнирлер ұйымдастырып, халық ерлігін есте сақтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізуде.

Атырау облыстық филиалы 1930-жылдардағы ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандары және Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған мемориал маңына (Балықшы шағын ауданында) 40 түп жас көшет отырғызды. Сонымен қатар, партия еріктілері аумақты тазалап, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Жасыл желек отырғызуға филиал белсенділері атсалысты. «Каспийдормостстрой» ЖШС орман шаруашылығы қызметкерлері мен «Алуа» шаруа қожалығы көшетпен қамтамасыз етті. Атырау облыстық «Су Арнасы» мекемесі суару жұмыстарын жүргізді. «Атырау стройка» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Жасұлан Амиров сенбілікке қажетті құрал-жабдық берді.

1

2

– Бұл бастама – қаланың тарихи орындарын жаңғырту жолындағы маңызды қадам, – деді шараға қатысушылар.

3

Партияның Абай облыстық филиалы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің құрметіне спорттық жарыс ұйымдастырды. Жарыс Семей қаласындағы №20 жалпы білім беретін орта мектептің спорт залында өтті. Оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жүлде қорын дайындауға партия атынан филиал төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев демеушілік көрсетті.

4

5

– Бұл жарыс – жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды бастама! – деді ол марапаттау рәсімінде.

6

7

8

Ұлытау облыстық филиалы Жезқазған қаласында бірқатар сенбілік өткізді. Партиялықтар «Мәңгілік алау» мемориал маңын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy