Қазақстан Халық партиясының Еңбек адамына құрмет көрсетуге бағытталған акциясы жалғасып жатыр. Жұмысшы мамандықтар жылына орай ҚХП облыстық филиалдарының өкілдері өңір үшін маңызы зор мекеме-кәсіпорындардың еңбек ұжымдарын аралап, құттықтау хат табыстауда.
Партияның Түркістан облыстық филиалының мүшелері Түркістан қаласындағы «Жылу» МКК-ға барып, еңбек ұжымымен кездесті. Партиялықтар мекеме басшысына салтанатты түрде құттықтау хат табыстап, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.
ҚХП Қызылорда облыстық филиалы «Dalatex» тігін фабрикасында жиын өткізді. Мұнда жүзден аса адам еңбек етеді. Олар «made in Kazakhstan» белгілі аясында ерлер, әйелдер және балалар жейделерін, құқық қорғау органдарына арнайы киімдер мен форма тігумен айналысады. ҚХП Түркістан облыстық филиалы мүшелері отандық кәсіпорын қызметкерлеріне арнайы құттықтау хат табыстап, алғыс білдірді.
«Біздің салада жетістікке жету оңай емес. Оның үстіне біздің киімдерге Қытай, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан өнімдерімен бәсекелесуге тура келеді», - дейді жұмысшылар.
ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев «Жайық таза қала» ЖШС ұжымын партия атынан құттықтады.
Филиал төрағасы кәсіпорын жұмысын жоғары бағалап, жұмысшыларға адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.
«Олардың күнделікті тынымсыз еңбегі қала экологиясын тазарту мен жақсартуға зор үлес қосуда. Әрбір қызметкердің еңбегі қоршаған ортаны болашақ ұрпақ үшін таза сақтауға және салауатты түрде аманаттауға жасалған қадам деп білеміз», - деді Лаврентьев.