Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған дөңгелек үстелдегі Қала дерті #8 онлайн-эфирінде жас астаналықтарды мектепке дейінгі және мектептегі біліммен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Пікірталасқа «Menim Elim Dala» қоғамдық бірлестігінің сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қатысты. Елордада балабақша мен мектеп жетіспейді. 2021 жылы еліміздің жалпы білім беру мекемелерінде орын тапшылығы 225 мың бірлікті құрады. Егер шұғыл шара қолданылмаса, бұл көрсеткіш 2025 жылы миллион орынға жетуі мүмкін.
Алайда қала билігі қазіргі жағдайды елемейді және білім беру мекемелерін салудың орнына жаңа көп қабатты тұрғын үй кешендеріне жер бөлуді жөн көреді. Нүктелік құрылыс жағдайды нашарлатады. Нәтижесінде мегаполисте халық көп шоғырланған шағын аудандар және әлеуметтік нысандардың тапшылығы бар.
Қала билігі қазіргі жағдайды елемейді және білім беру мекемелерін салудың орнына көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысына жер бөлуді жөн көреді. Нүктелі құрылыс жағдайды ушықтырып тұр. Салдарынан мегаполисте халық көп шоғырланған шағын аудандар мен әлеуметтік нысандардың тапшылығы туындауда.
ҚХП төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев атап өткендей, архитектураға деген мұндай көзқарас тек Астанаға ғана емес, тұтас елге тән. Қазіргі уақытта Астанада 77 мың бала мектепке дейінгі мекемелерге бармайды, олардың 68 мыңы кезекте тұр.
Мектептерде балалар бірнеше ауысыммен оқиды. Бала саны шамадан тыс білім беру мекемелеріне №59 (жобалық жүктеменің 342%), № 75 (312%), № 83 (296) мектептер жатады. Р. Ошақбаевтың пікірінше, бұған жергілікті шенеуніктердің біліксіздігі, немқұрайлылығы себеп болып отыр.
– Құрылыс нормалары және ережелері ғана емес, сондай-ақ ақыл-парасат та бұзылады, – деп атап өтті ҚХП төрағасының орынбасары, – Егер біз бұған нормативтік және қоғамдық бақылау түрінде тосқауыл қоймасақ, болашақта осылай жалғаса береді.
«Пустырь 1953» бастамашыл тобының өкілі Олжас Біләлов елорданың орталығында көпқабатты тұрғын үйлер қаптап кеткенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, мектеп салатын орын орын жоқ. Мәселені дәл қазір шешуге кіріссек те балалар шалғай жерлерде баруға мәжбүр болады.
– Астана бір адамға шаққандағы мектеп саны бойынша ең нашар қала, – деді О. Біләлов. – Халық тығыз орналасқан аудандардағы мектептерді қайта жүктеу мәселесін шешу мүмкін емес. Бұл қала дерті емес, бұл – қаланың қатерлі ісігі. Біз үнемі айтамыз, алайда ақпарат қала басшылығына жетпейді.
Сарапшы КҚТК құрылысына мораторий енгізуді ең жақсы амал деп санайды. Бұл қазіргі жағдайды түсінуге және білім беру мекемелерін орналастыру мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік береді.
«Пустырь 1953» бастамашыл тобының өкілі Айман Беделбекова елордадағы оқушылар саны бойынша бірінші орында тұрған №59 мектептің өзекті мәселелері туралы жан-жақты айтып берді. Астана әкімдігі екі жылдан бері жақын жерден тағы бір мектеп салу (мұнымен мәселе шешілмейді, бірақ сыныптардың жүктемесі азаяды) туралы уәде беріп келеді. Білім беру мекемесінің құрылысы аяқталмайтын тәрізді, себебі жақын жерде жаңа КҚТК бой көтеріп жатыр.
Алматыдағы «Аналар қозғалысының» өкілі Ирина Ким мектепті кеңейту үшін жапсарластырып құрылыс жүргізу санитарлық және құрылыс нормаларын бұзады, сондықтан балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп санайды.
– Кеңейту мектептің жобалық қуатын арттырады», – дейді ол. – Бірақ заң бұзушылықпен салынып жатқан құрылыс мемлекеттік сараптамадан қалай өтетіні мүлдем түсініксіз.
Дегенмен мектептердің шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуі тек сол жағалауға ғана емес, елорданың оң жағалауына да тән. Бұл туралы «8-ші Кенесары мектебі» бастамашыл тобының өкілі Тұрсын Байкенова айтты. Оның сөзінше, аудандағы барлық мектептерде жүктеме көп.
«Sport Towers» БТ өкілі Ольга Дик те өз мәселесімен бөлісті. Ол жергілікті тұрғындар білімге мұқтаж мектеп оқушылары бар екенін ұзақ уақыт дәлелдеуге мәжбүр екенін мәлімдеді. Облыстағы жалғыз мемлекеттік мектеп 2 ауысымнан 3 ауысымға ауысты. Ал жақын жерде тағы бір жаңа КҚТК салынып жатыр.
ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, елорданың атқарушы билігін ауыстырмайынша оқу орындарын толтыру және шамадан тыс жүктемеменн жұмыс істеу мәселесін шешу мүмкін емес.
– Бұл билік біздің балаларымызға, жас ұрпаққа қарсы әрекет етіп отыр! – деді ҚХП басшысы. – Жаңа әкімнің келуімен соңғы үш жылда бұл үдеріс күрт қарқын алғанын айта кету керек. Елорда әкімінің тез арада отставкаға кетуін талап ету қажет. Әйтпесе балаларымыздың болашағы жоқ.
Талқылауға қатысушылар бірқатар ұсыныс айтты, сонымен қатар жұртшылықты қала өміріне белсендірек қатысуға шақырды.
Айман Беделбекова қала тұрғындарын «Астана – балаларға жайлы қала» атты петицияға қол қоюға шақырды.
– Нүктелі құрылысты қазір тоқтатпаса, біздің балаларымыз ешқашан дұрыс оқи алмайды, – деді ол.
Эфир сілтемесі: