Факультативтік сабақтар не үшін қажет?

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Inbusiness ақпараттық-сараптамалық порталына Қазақстан мектептеріндегі факультативтік пәндердің жағдайына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептегі факультативтің барлығына міндетті түрде бару керек екенін айтқан болатын.

«Мектеп әкімшілігінің (оқушылардың келуі туралы – автор) талабы заңды әрі дұрыс. Бірақ сағат көлемі оқу жоспарында көрсетілген нормадан аспауы тиіс екенін білу керек», - деп атап өтті министр.

Ирина Смирнованың айтуынша, факультативтік сабақтар негізінен гимназиялар немесе лицейлерге арналған. Олардың қарапайым орта мектептерден айырмашылығы да сонда.

– Гимназия несімен ерекшеленеді? Онда мемлекет қаржысы есебінен балаға тегін қосымша сағаттар мен үйірмелер бар. Және ол бала бір бағытта тереңірек білім алсын деген ниетте жасалады. Гимназиялар білім берудің гуманитарлық бағытын қамтамасыз етуі керек деп есептеледі. Мысалы, халықаралық әдебиет, мәдениет, құқық – барлығы гуманитарлық мәселелерге қатысты. Кейбір мектептерде қандай да бір себептермен физика факультативті түрде жүреді. Бұл ретте белгілі бір мектеп таңдаған оқу бағдарламасы оқушылардың қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді және неге физикаға қосымша факультативті сағатты беруге және оны инвариантты бөлікте бермеуге мәжбүр екенін анықтау керек», - деп атап өтті депутат.

Мәжіліс депутатының айтуынша, тиісті шешімді мұғалімдер кеңесінде қабылдап, білім басқармасы бекіту керек.

«Ал балалар мұғалімдер жалақы алуы үшін оқиды деп айту мүлде дұрыс емес. Мектеп балаларға, балаларды тәрбиелеуге арналған орын. Ал онда мұғалімдер белгілі бір жалақыға жұмыс істейді. Яғни, балалар мұғалімге сағат санын қамтамасыз етуге міндетті емес. Бұл басқа мәселе, білімге мүлде қатысы жоқ. Ал ата-аналарға: «Бұл мұғалімнің жалақысы, ал егер балалар қазір факультативке қатыспаса мұғалімге ақша төленбейді» деген уәж айтылады. Онда мндай факультативтік сабақтың қажеті жоқ! Бала өмірінің әрбір сағаты құнды!», - деп түйіндеді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy