Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды

dep.jpg

Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты ашылды. Жаңа ресурс қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Ресми сайт – aes2024.kz, алдағы референдум мен Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынады.

Халықтық штабтың Медиа-тобының жетекшісі Бақтияр Мәкеннің айтуынша, оны құрудағы мақсат – халықты атом энергетикасы мен алдағы референдум туралы ақпараттандыру. Сайт барынша пайдаланушыға ыңғайлы етіп жасалған.

– Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін басты бетте референдумның күні мен өтетін орны көрсетілген және кері санақ жүргізілуде. Электронды сағаттар нақты уақыт режимінде кері санақ жүргізіп, сайлау учаскесіне бару уақытын жоспарлауға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді әзірлеушілер.

Әрбір сайлаушының дұрыс шешім қабылдауы үшін беделді сарапшылар, соның ішінде «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы директорының орынбасары Александр Клепиков және басқа да мамандар өз пікірлерімен бөлісетін болады.

Платформадағы ең негізгі бөлімдердің бірі — «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімі. Мұнда АЭС құрылысы, дауыс беру процесі, оның артықшылықтары мен ықтимал қауіптері туралы барлық сұрақтарға қарапайым тілмен жауаптар берілген. Сондай-ақ, бұл бөлім әлеуметтік желілерде тараған АЭС туралы негізсіз мифтер мен «қорқынышты оқиғаларды» жоққа шығару үшін арнайы жасалған.

Айта кетейік, еліміздегі ең белсенді әрі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа біріккен болатын. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді.

Қазақстан Халық партиясы да штабтың белсенді қатысушыларының бірі. ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев республикалық филиалдың құрамына енді, ал ҚХП аймақтардағы филиалдарының өкілдері жергілікті жерлерде құрылған штабтың мүшесі атанды. Олардың міндеті – халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазақстандық азаматтарды АЭС құрылысын қолдап дауыс беруге шақыру.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy