Халықтық штабтың жұмысы қарқынды жүріп жатыр

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб аймақтарда халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шараға Қазақстан Халық партиясының өкілдері белсенді қатысуда.

Атырау облыстық Халықтық штабының мүшелері «Светланд-Ойл» ЖШС ұжымымен кездесу өткізсе, олардың Маңғыстау облысындағы әріптестері Ақтау туризм колледжінің студенттерімен жүздесті. Осындай шара Ақтөбе облысында да өтті. Жиын барысында баяндамашылар жиналғандарға АЭС жобасының тек энергетикалық тәуелсіздікке ғана емес, республиканың өңірлік инфрақұрылымының дамуына да септігін тигізетінін түсіндірді.

1

2

3

10

11

Жетісу облыстық Халықтық штабының өкілі, ҚХП жергілікті филиалының басшысы Олжас Ибраимов Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті. Ол жастарға АЭС салудың негізгі себептерін айтып, бүгінде Қазақстан үшін атом электр станциясын аса қажет екенін түсіндірді. Сондай-ақ партия мүшесі әлеуметтік желілерде белсенді түрде тарап жатқан АЭС туралы кең тараған жалған ақпараттарды жоққа шығарып, студенттерді тек кәсіби мамандардың пікіріне сенуге шақырды.

12

13

– Елдегі электр энергиясына деген сұранысының артуы мен таза энергия көздеріне көшу жағдайында атом электр станциялары ең тиімді шешім болмақ. Заманауи атом электр станциялары экологиялық және өзге де қауіп-қатерді барынша азайтатын қатаң қауіпсіздік стандарттарына сай салынады, – деді Ибраимов.

Маңғыстаудағы Халықтық штабының спикері, ҚХП филиалының өкілі Ранида Балжанова Ақшұқыр ауылында орналасқан «Жоламан» емханасының ұжымымен кездесу өткізді. Оның шығысқазақстандық әріптесі Ангела Горностаева жергілікті техникалық университетте студенттермен жүздесіп, атом электр станциясының еліміздің бәсекеге қабілетті болуына қалай көмектесетінін түсіндірді.

4

5

– Бұл экономиканың, білім мен ғылымның дамуына жаңа серпін береді. Сонымен қатар, аталған жоба жастарға үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Ондаған мың жаңа жұмыс орындары ашылып, университет түлектері АЭС құрылысына қатыса алады, – деді Горностаева.

6

Сонымен қатар, ҚХП атынан облыстық Халықтық штабқа мүшесі болған азаматтар Дамба (Амангелді) ауылының тұрғындарымен және Қонаев қаласындағы қалалық көпсалалы аурухана ұжымымен атом электр станциясына қатысты пікірталас ұйымдастырды.

7

8

9


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy