ҚХП өкілдері еңбек адамдарына алғыс білдірді

Қазақстан Халық партиясының Жұмысшы мамандықтар жылына арналған акциясы жалғасып жатыр. Өңірлердегі партия мүшелері ерекше көзге түскен еңбек ұжымдарына барып, Құттықтау хаттарын табыстауда.

ҚХП Абай облыстық филиалы «Восток Гофротара» ЖШС еңбек ұжымын марапаттады. Отандық кәсіпорын Семей қаласында орналасқан және тұрғындардың қажеттілігіне арналған қағаз және картон қораптарын шығарады. Сондай-ақ партиялықтар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген ЖСШ қызметкерлеріне алғыс білдірді.

1

2

Қостанайлық партияластар облыстық МИБ қауымдастығының және «Қостанай-Қамқор» қарапайым серіктестігінің ұжымымен кездесті. Партия мүшелері қауымдастық өкілдерін құттықтап, мұндай ұйым қызметкерлерінің сапалы жұмысының маңызына тоқталды – олардың қызметі қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, бұған дейін ұжымның бірнеше мүшесі ҚХП қатарына қосылуға ниет білдірген еді. Сол азаматтарға салтанатты түрде партия билеті табысталды.

3

4

5

Қарағандыда ҚХП өкілдері «Қазақмыс» корпорациясына тиісілі «Нұрқазған» тау-кен байыту комбинатына барды. Зауыт құрамында карьер, шахта, кен байыту фабрикасы және басқа да қосалқы цехтар бар. Зауыт барлығы 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Арния экскурсия барысында партия мүшелері ұсақтау цехын аралап, кеніштерден алынған кенді байытып, одан әрі Балқашқа, басқа кәсіпорындарға жөнелту кезіндегі технологиялық процестерді тамашалады. Еңбек жағдайы ХХІ ғасырдың жоғары технологияларына сай жасалған, көптеген процестер автоматтандырылған.

6

7

8

«Күн сайын өз қолымен Қазақстанның гүлденуіне елеулі үлес қосып жүрген әрбір жанға құттықтауымызды жеткіздік. Сондай-ақ, партия атынан ауысым бригадирлеріне олардың еңбегіне құрмет көрсетіп, таңдаған ісіне деген адалдығы үшін ризашылығымызды білдіру мақсатында алғыс хат табыстадық», - деп атап өтті ҚХП Қарағанды филиалының төрағасы Қалел Мақсұтов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy