ҚХП кландық-олигархиялық капитализмді қабылдамайды

Петропавлға сапары барысында Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсенділерімен, сондай-ақ ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаттарымен және ауылдық округтердің әкімдерімен кездесті.

Кездесуде талқыланған ең маңызды мәселе – 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Мемлекет басшысының сайлауы болды. ҚХП төрағасының орынбасары партия қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын атап өтті.

– Тоқаевтың реформалары көбінесе біздің партия ұсынған ұсыныстармен сәйкес келеді, – деді Сайфуллин. – Біз кландық-олигархиялық капитализмді қабылдамаймыз. Біз бұл жүйені бөлшектеу және шынайы әлеуметтік әділетті қоғам құру қажеттігі туралы айтып отырмыз.

ҚХП төрағасының орынбасары Мемлекет басшысына халық тарапынан берілген сенім мандаты елдегі саяси реформаларға оң ықпал ететінін атап өтті. ҚХП Президенттің сайлау компаниясына, оның ішінде сайлау учаскелерін партия белсенділері арасынан шыққан сауатты және кәсіби бақылаушылармен қамтамасыз ете отырып, өзінің нақты үлесін қосуға ниетті.

ҚХП алдында тұрған тағы бір міндет – келесі жылы өкілетті билік органдарына уәде етілген сайлау. Партия Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттық мандаттары үшін барынша күреседі. Мұнда өңірлердің қолдауы қажет.

– Партия өңірлермен мықты, – деп түйіндеді Сайфуллин. – Біз әрі қарай да партияластарымыздың көмегі мен қолдауына сүйенуіміз керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy