Өскеменде Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Александр Милютин Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті.
Онда кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, аталмыш сала мамандарының сұрақтарына жауап берді.
«Ел үшін» Жер үшін! Билік – Халыққа!» атты партияның сайлауалды бағдарламасында тау-кен металлургиялық кешеніне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қамтылған.
Айталық, қарапайым жұмысшылардың құқын қорғау мақсатында Кәсіподақтар туралы жаңа заң әзірлеу, технологиялардың дамуына байланысты жұмыстан қысқартылған адамдарды қолдау, зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін жандардың зейнет жасын төмендету мәселелері бар.
Бүгінде ел экономикасындағы Қазақстанның тау-кен металлургия кешені ЖІӨ-нің шамамен 10%-ын, өнеркәсіптік өндірістің және барлық экспорттың шамамен 25%-ын құрайды. Салада 200 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Қызметкерлердің 90%-ға жуығы кәсіподақтардан тұрады.
«Халық партиясы – жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқығын қорғайтын жаңа Еңбек Кодексін қабылдау қажет. Біз күшті және тәуелсіз кәсіподақтар үшін жұмыс істейміз. Біз – кеншілердің, металлургтердің, зиянды және қауіпті өндірістердің барлық қызметкерлерінің құқықтарын қорғап, олардың 50 және 55 жаста зейнетке шығуын қолдаймыз! Біз – ынтымақты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыру керек деп есептейміз!» – деді Александр Милютин.
Кездесу барысында спикер партияның басты мақсаты – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әлеуметтік әділетті қоғам құру екенін айрықша атап өтті.
«Әділ Президент – Ықпалды Парламент – Халықтық Үкімет. Бұл біздің формуламыз. Мәжіліс қоғамдағы резонанстық оқиғалар бойынша парламенттік тергеу жүргізуге құқылы болуға тиіс. Сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуын тексеретін Аудиторлық палата парламент құрамында болуы керек. Өйткені Үкіметтің есептері әдеттегі көзбояушылыққа айналды», – деді А.Милютин.
Кандидаттың айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы барлық, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттардың талаптарын қайта қарау қажет және Кедейлікке қарсы заң қабылдау керек. «Біз осылай ғана Халықтық Үкімет құрып, әлеуметтік әділеттілік орната аламыз» – деді А.Милютин.