Мәжіліс депутаты, «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқардың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды. Сапар аталған өңірдегі сайлаушылармен кездесу бағдарламасы аясында өтті.
Сапар соңында Ислам Сұңқар ҚХП облыстық филиалының басшысы Борис Лаврентьевпен бірге жергілікті бірқатар мекеме, кәсіпорындарды аралады. Атап айтқанда, Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясына, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің БҚО-дағы Балық шаруашылығы комитетіне және Батыс Қазақстан облыстық АЭЖК-ға барды. Сонымен қатар, мәжілісмен партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділерімен кездесу өткізді.
«Халықпен кері байланыс орнату сайланған өкілдер үшін өте маңызды. Себебі, халықпен тығыз байланыста болғанда ғана елдің ең өзекті мәселелерін көтеріп, шеше аламыз», - деді Ислам Сұңқар.