Моноқалалардың бүгіні мен ертеңі

dep.jpg

Моноқалалар – Тәуелсіз Қазақстанның кеңестік дәуірден қалған мұрасы. Бір кездері ғылыми орталықтар мен ірі өндіріс ошақтарының маңында бой көтерген бұл қалалар бүгінде тоқырау жағдайында.

Оларды қалай қайта жандандырамыз? Жұмыс орындарын ашып, жастардың ірі қалаларға жаппай көшуінің алдын алу үшін не істеу керек? Қалайша инфрақұрылымды жаңартып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз? Бұл – жауапты шешімдер мен нақты әрекеттерді талап ететін күрделі сұрақтар. Себебі моноқалалардың тағдыры осы жауаптарға тікелей байланысты.

«Халық аманаты» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясының Орталық аппараты республикадағы моноқалалардың мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын айқындауға бағытталған мәліметтер жинау және әлеуметтанулық зерттеу жұмысын жүргізді.

Зерттеудің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: СОЦИАЛЬНЫЙ ПОРТРЕТ МОНОГОРОДОВ


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy