Мұқтаж жандарды қолдайық!

Депутаттар жаңа 2025 жылды сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарды аралаудан бастады. Жұмыс сапары бағдарламасы аясында ҚХП Парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов «Қорғау Астана» әйелдер мен балаларды қолдау орталығы мен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Елордадағы «Қорғау Астана» орталығында соңғы бір жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған 300-ге жуық әйел көмек алды. Барлық зардап шеккендерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді, кейбір аналар мен балалар осы дағдарыс орталығына орналастырылды. Жалпы, осы уақыт аралығында мұнда 1000-ға жуық адам отбасы мәселелері бойынша кеңес алған.

5

Орталықтың негізгі міндеті – өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу: тұрмыстық зорлық-зормбылық, адам саудасы құрбандары және т.б. Мұнда орналасқан азаматтар орталықта алты айға дейін тұра алады, азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, психологтар мен басқа да мамандардан кеңес алады. Білікті заңгерлер сот процесінде оларға көмек көрсетіп, мүдделерін қорғауға ат салысады. Сонымен қатар, орталық жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау мен қалпына келтіруге, басқа мемлекеттердің азаматтарына отанына оралуға көмек береді. Одан бөлек мекеме мамандары басқа ұйымдар үшін оқыту-профилактикалық тренингтер жүргізеді.

«Қорғау Астана» орталығына барудағы мақсатымның бірі – әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа заңнаманың қаншалықты тиімді қолданылып жатқанын анықтау болды», - деді Магеррам Магеррамов.

Сайлаушылармен тағы бір кездесу елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті. Ол – зейнет жасына толған қарттардың, сондай-ақ денсаулығына байланысты өз бетінше күтім жасай алмайтын мүгедектердің тұрақты немесе уақытша тұруына арналған орталық. Сонымен қатар, орталық қызметкерлері өзін-өзі күту мүмкіндігін жартылай жоғалтқан азаматтарға және үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетеді.

1

2

3

«Мұнда егде жастағы адамдарға лайықты қамқорлық пен көңіл бөлетініне көз жеткіздім», - деп атап өтті депутат.

4

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy