Ынтымақтастық – сенімді серіктестік кепілі

Қазақстан Халық партиясы түрлі салада өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюда. Аймақтардағы партия мүшелері интернет-алаяқтардың құрбандарын қорғау бойынша полиция және адвокаттармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу үшін келісімдер жасасуда.

Солардың бірі – Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық адвокаттар алқасының арасында жасалған меморандум.

– Бұл келісім интернет-алаяқтықпен күресті күшейтіп, азаматтарға ақпараттық әрі консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған, – деп атап өтті тараптар.

1

14

Партияның Батыс Қазақстан облысындағы өкілдері адвокат Қырықбаевтың заң кеңсесі және облыстық полиция департаментімен үшжақты меморандумға қол қойды.

2

13

– Бұл меморандумның негізгі мақсаты – интернет-алаяқтықтан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына кешенді құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету үшін тараптардың күшін біріктіру. Құжат зардап шеккен азаматтардың қарыз жүктемесін азайтуға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, кінәлілерді анықтап, келтірілген шығынды өтеуге жедел әрі кәсіби көмек көрсетуге бағытталған, - деді партиялықтар.

Меморандум аясында облыстық филиал жанынан зардап шеккендерге тегін заң көмегін көрсететін Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

Осыған ұқсас үшжақты келісімге Шымкент қалалық филиалы да қол қойды. Атап айтқанда, Шымкент қалалық полиция департаменті мен «AIDEM» заң кеңсесі меморандумға қол қойды. Құжат тек құқықтық қолдауды емес, сонымен қатар киберқылмыстардың алдын алу мен азаматтарды олардан қорғау жолдары туралы ақпараттандыруды да қамтиды.

3

12

Партия өкілдері құқық қорғау органдарымен және заңгерлермен ғана емес, азаматтық қоғаммен де ынтымақтастық орнатуды көздейді. Мысалы, Ақтөбе қаласында партияның әйелдер қанатының өкілдері өңірдегі белсенді әйелдермен – «Желтоқсан алауы», «Келіссөздер академиясы», «Аутизмі бар балалардың ата-аналарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымдарымен, сондай-ақ «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени орталығының өкілдерімен кездесті. Жиында әйелдердің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуы, бірлескен жобаларды іске асыру және өңірлік әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Кездесу соңында өзара серіктестікті нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.

4

5

6

7

8

9

11


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy