Негізгі мақсат – ынтымақтастық орнату!

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ҚХП Орталық аппаратының өкілдері мен аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кездесуі өтті.

Жиынның басты мақсаты – партия мен жергілікті билік арасында өзара ынтымақтастық орнату. Бұл байланыс өңірлік дамудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталатын болады. ҚХП аудандық өкілдігінің төрағасы Бексұлтан Сламов жергілікті атқарушы органдармен белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

1

«Біз халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, сондай-ақ облыс тұрғындарымен диалогты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз», - деді ол.

Аудан әкімі өз тарапынан ҚХП өкілдерін жылы қарсы алып, өзара ынтымақтастық орнату әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың маңызды құралы екенін атап өтті. Жиын барысында қатысушылар Сарыағаш өңірінің әл-ауқаты мен тұрақты дамуына бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін күш біріктіру қажеттігін нақтылады.

2


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy