Қазақстан Халық партиясы көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Дулат Исабековтің кенеттен дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Қазақ әдебиеті мен драматургиясы орны толмас қазаға ұшырады. Дулат Исабеков – қаламын шындықтың құралы еткен сөз зергері, өмірдің терең білгірі, елін жан-тәнімен сүйген қайраткер тұлға еді. Оның ұлттық мәдениетке қосқан үлесі баға жетпес мұра болып қала бермек.
Оның қаламынан туған шығармалар, оның сценарийі бойынша түсірілген фильмдер – қазақ руханиятының алтын қорына енген асыл қазына.
Еліне адал қызмет еткен дара тұлғаның жарқын бейнесі, оның таланты мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.