Құрметті Гаухар Шаймерденқызы!

dep.jpg

Сізді төл мереке – туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстанда әйел саясаткер болу оңай емес. Алайда, соған қарамастан бала тәрбиесін саяси мансаппен шебер ұштастыра білдіңіз. Бүгінде Парламент мінберінде көпбалалы, жалғыз басты аналар мен өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылардың мүддесін қорғап, күш-жігеріңізді мұқтаж азаматтардың мәселелерін шешуге бағыттап, қажырлы қызмет атқарып келесіз. Қиын да абыройлы міндет жолында қашан да сәттілік серік болсын.

Сізге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, сарқылмас күш-қуат және отбасыңызға амандық тілейміз. Жақындарыңыз әрқашан жан-жақты қызметіңіздің барлық саласында жаңа жетістіктерге жетуге күш беретін қолдауыңыз бен тірегіңіз болсын!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy