Сайлауға келу - азаматтық ұстанымды көрсету

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин Көкшетауда болып, ҚХП өңірлік активімен кездесу өткізді.

Іс-шараға қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Алдағы Қазақстан Президентінің сайлауы талқылаудың басты тақырыбы болды. Сайфуллин бұл оқиғаның тарихи маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келу арқылы өздерінің азаматтық позицияларын көрсете алады және көрсетуге тиіс, – деп атап өтті ҚХП төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, Қазақстан Халық партиясы қазіргі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаған және осы мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасаған алғашқы саяси партия болды.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚХП төрағасының орынбасары партия мүшелері мен үкіметтік емес сектор өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. "Әділ жолы" РҚБ Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Исмағұлов партия басшылығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш-жігерді біріктіру туралы ұсыныспен жүгінді. Қоғам өкілдері жергілікті жерлердегі проблемалар туралы қажетті ақпаратты беруге дайын, ал ҚХП парламенттік фракциясы бұл мәселелерді Мәжіліске талқылауға шығара алады.

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Айя Калягина өңірлермен жемісті жұмысы үшін Наиль Сайфуллинға алғыс білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy