Қазақстанның Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен несиелік келісімі «серіктестік қаржыландыруға» негізделген. Бұл нені білдіреді? Бұл сұрақтың жауабын Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова сұрап-білді.
«Несие туралы келісімге қосымшада жекелеген бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асыру үшін серіктестік қаржыландыруды пайдалану қарастырылған. Айтыңызшы, серіктестік қаржыландыру дегеніміз не және осыған байланысты Қазақстанның қандай міндеттемелері бар?», - деп сұрады депутат Қаржы министрі Мәди Тәкиевтен.
Министрдің айтуынша, бұл терминнің астарында ешқандай жағымсыз мағына жасырылмаған. Жай ғана АИИБ Қазақстанға қатысты Азия қайта құру және даму банкінің бұрын сыналған саясатын қолданады дегенді білдіреді.
«Сондықтан ол серіктестік келісімі деп аталады. Онда АДБ-мен 30 жыл жұмыс істеген кезде жинақталған тәжірибе пайдаланылатын болады», - деп түсіндірді Тәкиев.