Шымкент мектептерінде оқушыға орын тапшы

ҚХП Шымкент қалалық филиалында «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында партиялық бақылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті. Акция барысында партия мүшелері, сарапшылар мен қоғам өкілдері қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Жиында ҚХП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бақтияр Жандарбеков білім беру мекемелерінің жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейінің жақсарғанын айтты.

1

– Тексерілген 11 мектептің барлығы бейнебақылау жүйесімен және арнайы күзетпен жабдықталған. Төтенше жағдайда қолданылатын дабыл түймелері де орнатылған. Бүгінде барлық мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кітап қоры жаңартылды, – деп нақтылады Бақтияр Жандарбеков.

ҚХП Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Оразханов ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, олардың өскелең ұрпаққа сапалы білім беруде ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

2

Шараға қатысқан мектептер мен ата-аналар комитеттерінің өкілдері мектептердің оқушыларды қабылдауға дайын екенін растады. Дегенмен, балалардың білім сапасына теріс әсер ететін бірқатар мәселелер де анықталды. Атап айтқанда, математика, физика және тағы басқа да пәндер бойынша орыс тілді мұғалімдердің тапшылығы байқалады, орнын саны жетіспеуінен мектептерде оқушы саны шекті деңгейден асып кеткен, сондай-ақ мектеп психологтарының жүктемесі жоғары, салдарынан олар әр баламен байланыс орнатып, тиісті жұмыстарды жүргізе алмайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy