Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы қазақтың ұлттық киімі – шапанды киіп шықты. Бұл бастамаға қатысты фракция жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Qogamnews ақпараттық порталының тілшісіне берген сұхбатында өз пікірін білдірді. Портал авторлары мәжілісмендердің ерекше әрекетіне «шапанды дефиле» деген атау берді
«…Шапанның концерттік түрлері бар, «салтанатты жиындарға арналған» түрлері бар. Ал енді «партиялық шапандар» да пайда болды», – деп жазды портал авторлары.
Партия мүшелері киіп шыққан шапандар арнайы тапсырыспен тігілген. Киім қара түсті, ал ою-өрнектері мен партия атауы ҚХП-ның қызыл түсті символикасына сай кестеленген. Фракция мүшелері осы шапандарды киіп, Мәжілістің пленарлық отырысына қатысты.
– Біз өзімізді дәстүршілдер деп санаймыз, – деп түсіндірді жаңа стильдің мәнін Магеррам Магеррамов. – Бұл қазақ халқының дәстүріне сай, өте әдемі әрі жарасымды киім.
– Біз өзімізді дәстүрді құрметтейтін жандар деп санаймыз. Қазақ халқының ұлттық киімі – шапан өте әдемі әрі жарасымды киім, - деді Магеррамов.
Депутаттардың айтуынша, олар наурыз айының соңына дейін осылай киініп жүруді жоспарлап отыр.
Qogamnews порталының оқырмандары ҚХП-ның жаңа стилін оң қабылдады.
«Өте тамаша! Керемет бастама! Қолдаймын!» – деп жазды олар.