Талғар ауданындағы мектеп су тапшылығынан зардап шегіп отыр

"Қауіпсіз мектеп" акциясы аясында Қазақстан Халық партиясының өкілдері Талғар ауданы Бесағаш ауылының № 29 мектебінде сумен жабдықтау бойынша күрделі мәселелер барын анықтады.

Бесағаш ауылы Алматыдан небәрі 10 шақырым жерде орналасқан. Алайда, бұл мәселенің шешім таппай келе жатқанына 20 жылға жуық уақыт өткен. Сумен жабдықтау жүйесі бір жеке меншік иесінен екіншісіне өтіп үнемі айналымда жүреді. Өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған құбырлардың 90%-ы тозған. Жауапкершілікке алған иелерінің ешқайсысы жөндеу жұмысын жүргізбеген. Ал мемлекет бөлген ақша құмға құйған судай болып ағып кетті. Биыл жағдай шегіне жеткенде жергілікті атқарушы органдар ауыл тұрғындарына жаңа су магистралін салып береміз деп уәде берген. Бірақ, құр уақыт созудан басқа ештеңе жасалмады.

Әлеуметтік шиеленіс сейілді. Алайда, жергілікті №29 мектепте әлі күнге өркениеттен құр қалып отыр. Мектеп 980 оқушыға есептелгенімен, онда 1600 оқушы оқиды. Су құбыры жұмыс істемейді, сәйкесінше, дәретхана далада орналасқан.

![3](1

– Күндіз мектепте су болмайды. Ал түнде болады. Басшылық мәселенің барын жасырмайды. Алайда оны шеше алмай отыр. Директордың қауқары жетпейтін мәселелер бар!, – деді Ирина Смирнова.

Мектеп ғимараты жөндеуден өтіп, оқушыларды тамақтандыру және оларды мектепке тасымалдау жұмыстары жақсы ұйымдастырылған. Ал су жоқ. Бұл ретте жергілікті билік те, Алматы облысының білім басқармасы да не болып жатқанын тыныш қана бақылап отыр.

![4](2

– Бұл мәселені міндетті түрде шешу қажет!, - деді депутат Ирина Смирнова.

Бұған дейін ҚХП парламенттік фракциясы Үкіметке депутаттық сауал жолдап, депуттар өздеріне сеніп тапсырылған елді мекендердегі абаттандыру мәселелеріне немқұрайлы қарайтын әкімдерді жауапқа тартуды ұсынған еді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy