Қазақстан мүгедектердің құқығы жөніндегі конвенцияны ратификациялады

dep.jpg

Жақында Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына қол қойып, ратификациялады. Мәжілістегі ҚХП фракциясының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығы жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжанның айтуынша, еліміз инклюзивті қоғамды дамытуға маңызды қадам жасады.

Депутат-омбудсмен құжаттың ратификациялануын маңызды келісім деп атап өтіп, Қазақстан халқын осынау тарихи оқиғамен құттықтады.

– Бұл Конвенция мүгедектерге тең құқық пен мүмкіндік беріп, олардың қоғамдағы процестерге толыққанды қатысуына жол ашады. Елімізде бұл бағытта көптеген оң өзгерістер болды. Барлық инновациялар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және халықтың әлеуметтік осал санаттарына пайдалы, сондықтан олардың өмір сүру сапасын жақсартады, – деді Кенжеғұл Сейітжан.

Депутат алдағы уақытта да осындай маңызды реформаларды қолдап, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, әрбір азаматтың құқығын қорғауға атсалысуға уәде берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy