Қаңтар бойы Қазақстан Халық партиясынан сайланған мәслихат депутаттары белсенді түрде халықпен кездесулер өткізді. Мұндай қоғамдық қабылдау бөлмелері билік пен қоғам арасындағы кері байланыстың алтын көпірі. Осы ретте партия халықты толғандырып отырған мәселелер бойынша социологиялық зерттеу жүргізді.
Зерттеудің авторы – әлеуметтік ғылымдар магистрі, ҚХП Орталық аппараты Ұйымдастыру бөліміндегі социологиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Гүлдарина Нұрмағанбет.
«...Бұл мақалада 2025 жылғы қаңтарда ҚХП мәслихаттары депутаттарының қоғамдық қабылдауына келіп түскен азаматтардың өтініштеріне социологиялық талдау жасалды.... Тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік саясат, абаттандыру, жұмыспен қамту және қауіпсіздік мәселелері екені анықтлады. Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері қарастырылып, заманауи социологиялық теориялар қолданылды. Зерттеу қорытындысы бойынша осы мәселелерді шешудің тиімділігін арттыруға негізделген ұсыныстар берілді...»