Заңсыз көші-қонмен күрес

dep.jpg

Мәжіліс Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы тұлғаларды реадмиссиялау жөніндегі келісімді мақұлдауға дайындалып жатыр. Парламенттің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады. Енді депутат-заңгерлер бұл жөнінде өз қорытындыларын әзірлеуі тиіс.

Комитет хатшысы, Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, құжат екі ел аумағында ұлттық заңнаманы бұзып жүрген тұлғаларды қабылдау және оларды транзиттік өткізу мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастыру үшін ратификацияланады.

– Келісімді ратификациялау осы салада Қазақстан мен Францияның құзырлы органдары арасында тиімді әріптестік байланыс орнатуға жол ашады. Сонымен қатар бұл құжат заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, – деп түсіндірді Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy