ЕРТІСБАЕВ ЕРМҰХАМЕТ ҚАБИДИНҰЛЫ

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ төрағасы 

1956 жылғы 19 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған педагогикалық институтында ассистент болып бастады.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы комсомол комитетінің хатшысы, оқытушы, кафедра меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҚР Президент Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрі, Қазақстан Республикасының Грузия мен Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы тұрақты Өкілі болып жұмыс істеді.

Бірнеше кітаптар мен монографиялардың, соның ішінде «Қазіргі Қазақстандағы сайланбалы демократияның генезисі: мәселелері мен болашағы 1990-2000», «Қазақстандағы демократияландыру: 1990-2000 жылдар», «Қазақстан мен Назарбаев: өзгерістер логикасы», сондай-ақ 700-ден астам ғылыми, қоғамдық-саяси және өзге де жарияланымдардың авторы.