• 2011


    26 қарашада Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кезектен тыс VI съезі өтті, онда 2012 жылғы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына партиядан 23 кандидат, оның ішінде партия көшбасшысы Владислав Косарев және 2011 жылғы сайлауда Президенттікке үміткер ретінде Жамбыл Ахметбеков бекітілді

  • 2016

    ҚКХП 2016 жылғы сайлау нәтижесінде Парламентке өтті. Партияның сайлауалды күресі адал әрі әділ деп бағаланды. Коммунистердің пікірінше, БАҚ барлық партиялар үшін қолжетімді болды. ҚКХП бақылаушылары қандай да бір бұзушылықты тіркеген жоқ.

  • 2020

    11 қарашада өткен ҚКХП XV кезектен тыс съезінде партияның Жарғысы мен Бағдарламасына өзгеріс енгізе отырып, Қазақстан Коммунистік Халық партиясын Қазақстан Халық партиясы деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл шешім 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы алдында электораттық қолдау аясын кеңейту ниетімен жүзеге асырылды.

  • 2021

    Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясының XVII кезектен тыс Съезі өтті. Съезд барысында партиялықтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының 2021 жылғы сайлауын қорытындылап, партияның парламенттік фракциясына өкілдерін сайлады. Депутаттар қатарына Айқын Қоңыров, Жамбыл Ахметбеков, Ирина Смирнова, Александр Милютин, Сергей Решетников, Айбек Паяев, Ғазиз Құлахметов, Ерлан Смайлов, Файзолла Каменов және Айжан Сқакова кірді.

  • 2022

    28 наурыздағы партияның XIX кезектен тыс съезінде ҚХП төрағасы болып Ермұхамет Ертісбаев сайланды. ҚХП парламенттік фракциясының бұрынғы басшысы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалды.