«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі – социалистік идеология мен солшыл идеяларды қолдайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.
ҚХП жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік биліктің өкілетті және орындаушы органдарының жұмысына қатысу арқылы әлеуметтік әділдік пен саяси теңдікке жетуге пейілді халық мүддесіне өкіл болу мақсатында еңбекшілердің, жұмыссыздардың, зейнеткерлер және жастардың саяси еркін білдіреді.
Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік әділетті қоғам құру стратегиясына адалдық танытады.
Партия өзін-өзі басқаратын үйлесімді құрылым ретінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында Конституция талаптарына, «Саяси партиялар туралы» Заңға, мемлекеттің саяси партияларының әрекетіне қатысты өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді.
ҚХП демократия мен әлеуметтік әділдік, гендерлік теңдік ұстанымын ұстанған, өз күшін халық өмірін жақсартуға, еңбекшілердің бауырластық және ынтымақтастығын нығайтуға бағыттаған барлық қоғамдық бірлестіктермен ниеттес. Партия халықаралық заңнамалық актілерге сәйкес халықаралық қатынас орнатуға бейілді.
Қазақстан Халық партиясының мақсаты – шынайы халық үкіметі, әлеуметтік әділеттік, рухани бостандық пен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ғылыми-техникалық қағидаттар негізінде өркендеген экономика қоғамына ұмтылу.
Мұндай қоғамның негізі азаматтық құқықтың толықтығы мен өз қабілетін дамыту және көрсету сонымен қатар түрлі қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігіне ие адам болуы керек.
Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдісі арқылы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Елдің Негізгі заңында оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы деп белгіленген.
Саясатта – Қазақстан Республикасында демократия үшін күресу, демократиялық сайлаулар арқылы билікке жету, әлеуметтік әділетті қоғам құру, Қазақстан Республикасын халық билігімен қамтамасыз ету. Адам эксплуатациясына жол бермейтін жеке меншік формаларын тану, атап айтқанда: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік, кооперативті деп тану;
Экономикалық салада – экономика дамуындағы шикізаттық бағыттан арылу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу, экономиканың негізгі салаларында мемлекеттік иелікті қалпына келтіру;
Әлеуметтік салада – халық үшін, елдің экономикалық әлеуетіне сүйене отырып, әлеуметтік кепілдіктер көлемін бекіту әрі кеңейту;
Халықаралық қатынастарда – республиканың ТМД халықтарымен шоғырлану үдерістерін қолдау, лаңкестікпен күрес, кең халықаралық ынтымақтастық.