Халық депутаттары қазақстандықтардың мәселелері мен талаптарын ең жоғары деңгейде көтереді. Парламент мінберінен сөз сөйлегенде ҚХП фракциясының өкілдері еліміздің өзекті мәселелерін жариялап, оларды шешу жолдарын ұсынады. Фракцияның заң шығару қызметі мемлекеттік жүйені реформалауға және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған.
ҚХП демократия мен әлеуметтік әділеттілік, гендерлік теңдік ұстанымындағы іс-әрекетін халықтың өмірін жақсартуға, жұмысшылардың бауырластығы мен ынтымақтастығын нығайтуға бағыттайтын барлық қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық үшін ашық. Партия халықаралық заңнамалық актілерге сәйкес халықаралық қатынасқа түсе алады