КӨШҚАЛИЕВ ХАКИМ ДҮЙСЕШҰЛЫ

1962 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Р.А. Руденко атындағы Свердлов заң институтында «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша білім алған. Свердлов заң институтының дайындық бөлімінің тыңдаушысы болған.

Бірнеше жыл ішінде қалалық прокуратурада тағылымдамадан өтуші болып бастап, облыстық деңгейдегі прокурор-криминалист қызметіне дейінгі еңбек жолынан өткен.

Кейін ҚР Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, ОҚО прокурорының орынбасары және Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. ҚР Әділет министрлігінің Тергеу департаментін, кейін осы ведомствоның аппаратын басқарды.

Атырау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Екінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болды. Кейін прокуратура жүйесіне қайта оралды: алдымен ШҚО прокуроры, содан соң ҚР Бас прокуратурасы аппаратының басшысы және Алматы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып табылады. Зейнетке шыққанға дейін ұзақ жылдар бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында еңбек етті.

2023 жылғы 20 қаңтардан  ҚХП төрағасының орынбасары болып сайланды.