АЭС – болашақ ұрпақтың игілігі үшін!

dep.jpg

Алматы қаласы мәслихатына Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, «Атамекен» РПП қалалық филиалының директоры Нұрсұлтан Шоқанов АЭС құрылысы жөніндегі Халықтық штабтағы әріптестерімен бірлесіп, Бостандық ауданының қорғаныс бөлімі қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жүргізді.

Талқылау барысында Халықтық штаб комиссиясының мүшелері атом энергетикасын дамытуды қолдаудың негізгі себептерін дәлелдер келтіре отырып түсіндірді. Олар еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, осы салаға озық технологияларды енгізу қажеттігін де атап өтті. Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселелеріне, экологиялық аспектілерге және әрбір азаматқа осы маңызды мәселе бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін референдум тәртібіне ерекше назар аударыды.

– Қазір бизнес қазақстандықтардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол өнеркәсіпте, өңдеу өнеркәсібінде, саудада және біздің салық базамызды құрайтын басқа да көптеген салалар арқылы көрінеді. Тиісінше, энергия тұтыну мөлшері де жыл сайын артып келеді, – деді Шоқанов.

Елімізде халқ саны да тұрақты өсіп, бүгінде 20 миллионнан асты. Сондықтан болашақ ұрпаққа арналған тұрақты энергия көзінің іргесін қазірден қалпу керек.

– Республиканың бірнеше өңірі энергия тапшылығынан зардап шегіп отыр. Иә, біз энергияны жаңартылатын көздерден алып келеміз. Бірақ 10-20 жылдан кейін бұл жеткіліксіз болады. Сол себепті, қазіргі таңда атом энергетикасын дамытудың инвестициялық жобасын қалыптастыру маңызды, – деп нақтылады ол.

Партия мүшесі азаматтарды 6 қазан күні дауыс беру кезінде осы айтылғандарды ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Қорғаныс департаментінің қызметкерлері тақырыпқа қызығушылықпен қарап, белсенділік танытты. Олар атом энергетикасын дамытудың ықтимал тәуекелдері мен перспективалары туралы сұрақтар қойды. Жиын мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтар арасындағы ашық диалогтың болуы маңызды екенін тағы бір дәлел­деді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy